Алматыда карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулы жарияланды

01.02.2021 03:51

Қаулы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді

открытые источники

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжаттың толық мәтіні Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарық көрді.

Жаңа қаулыға сәйкес, сауда орталықтары, сауда және ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-23:00 аралығында жұмыс істейді және жексенбі күні дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана ашық болады.

Кинотеатрлар жабылмайды.

Азық-түлік және бизнес-орталықтар, фотосалондар, фитнес орталықтары, спорт залдары, туристік компаниялардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

СПА-орталықтар мен бассейндер дүйсенбі-сенбі күндері таңғы 6:00-ден 21:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Моншалардың жұмыс уақытына шектеу қойылмайды.

Сауда орталықтарындағы тамақтану орындары сағат 7:00-23:00 аралығында жұмыс істейді, соңғы чек сағат 22:00-де жабылуы тиіс.

Қоғамдық көліктің жұмыс уақытына шектеу қойылмайды.