Алматыда COVID-19-бен күресіп жатқан 3557 медицина қызметкері 965 миллион теңге көлемінде үстемақы алды

Almaty.tv
Almaty.tv
500-ден астам дәрігер, 1700 ден астам орта, 549 кіші медицина және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкерлеріне берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда COVID-19-бен күресіп жатқан 3557 медицина қызметкері 965 миллион теңге көлемінде үстемақы алды. Атап айтқанда, 500-ден астам дәрігер, 1700 ден астам орта, 549 кіші медицина және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкерлеріне берілді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. Оның сөзінше қосымша ақыны алатындар тізімі қауіптілік деңгейіне қарай 3 топқа бөлінді. Атап айтқанда, алғашқы топқа, реанимация және стационарлық бөлімшелер, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері жатқызылған. Олар 850 мыңгеге дейін үстемақы ала алады.

«Екінші қауіпті топта жұмыс жасап жатқан провизорлық стационардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық көмектің дәрігерлері және фелдьшерлері, амбулаториялық емханалық ұйымдар жұмыс жасап жатқан қызметкерлер жұмыс күндерінің тығыздығына қарай 425 мың теңгеге дейін, қауіпті топтағы азаматтармен жұмыс жасағандығына қарай 425 мың теңгеге дейін үстемеақы ала алады», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.

Ал, соңғы үшінші топқа карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлер, жедел жәрдем жүргізушілері, зертхана мамандары, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын санитариялық-эпидемиялогиялық қызмет жұмыскерлері, жіті респираторлық вирустық инфекциялары мен пневмания бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы шараларға байланысты биологиялық материалдардың алуға айқындалған шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметкерлері жатқызылған. Олар 212 мың 500 теңге алады. Басқарма басшысының сөзінше қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, ақшаның ақ халаттыларға  қалай беріліп жатқандығын бақылап отырады. Өз кезегінде үстемақы алған дәрігерлер, қиын-қыстау кезінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай көмектің жанымызға жұбаныш болды дейді.

І қауіпті топ –  реанимация бөлімшелері мен басқа стационарлық бөлімшелерді қоса алған, инфекциялық стауионарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері

ІІ қауіпті топ – провизорлық стационардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық көмектің дәрігерлері және фелдьшерлері, амбулаториялық емханалық ұйымдар, санитарлық авиация дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері (тартылған жағдайда)

ІІІ қауіпті топ –  карантиндік стационарлардың дәрігерлері мен орта және кіші медициналық қызметкерлері, медициналық жедел жәрдем жүргізушілері, сондай-ақ, зертхана мамандары, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын санитариялық-эпидемиялогиялық қызметтің жұмыскерлері, жіті респираторлық вирустық инфекциялары мен пневманиясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы шараларға байланысты биологиялық материалдардың алуға айқындалған шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметкерлері. Барлық өңірлік штаб және блок-бекеттегі медициналық қызметкерлері

Новости партнеров