Қазақстан Сыртқы істер министрлігі достас Оңтүстік Кореяға осындай күрделі кезеңде бүкіл адамзатқа көрсеткен мейірімді іс-әрекетіне алғыс білдіреді
Оңтүстік Корея COVID-19 анықтауға арналған ПТР-тестер партиясын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv
Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Medical Partner Korea медициналық клиникасынан COVID-19 індетін анықтайтын 1000 дана медициналық тестін сыйға алды.
Осыған дейін де Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес аясында Оңтүстік Корея елімізге түрлі медициналық қорғаныс құралдарын жолдаған болатын. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі достас Оңтүстік Кореяға осындай күрделі кезеңде бүкіл адамзатқа көрсеткен мейірімді іс-әрекетіне алғыс білдіреді.