Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

22.03.2020 04:02

Осымен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 54-ке жетті

ФОТО : Mir24.tv / Грекова Марина

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат. 

ҚР Денсаулық сақта министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдың 21 наурызындағы сағат 22:30-дағы жағдай бойынша тағы бір адам вирус жұқтырған. Бұл жағдай Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осымен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 54-ке жетті. Олардың ішінде Нұр-Сұлтанда - 29, Алматыда - 22, Қарағандыда - 2, Алматы облысында 1 жағдай тіркелген.