Алматыда коронавирустан тағы екі науқас жазылып шықты
top.st
Қазіргі таңда мегаполисте бес науқас сауығып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда коронавирустан ем қабылдаған тағы екі науқас шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Бүгін екі ер адам қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылды. 1962 жылы туған азамат 13 наурызда Берлин — Минск — Алматы чартерлік рейспен келген болатын. Ал 1995 жылы туылған екінші жігіт 15 наурызда Сеул-Алматы рейсімен келді», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Қазіргі таңда мегаполисте бес науқас сауығып шықты. Олардың біреуі 12 жасар бала. Олардың барлығы медицина қызметкерлерінің бақылауында 14 күндік үй карантинінде болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматы Жапонияның туристік нарығымен ынтымақтастықты кеңейтіп келеді
01.10.2026 10:55