Алматыда коронавирустан ем қабылдаған тағы екі науқас емделіп шықты

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото
1 ересек науқастың жағдайы ауыр, 4 науқастың жағдайы орташа және 1 баланың жағдайы жақсарып келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда коронавирустан ем қабылдаған тағы екі науқас емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Науқастың бірі, әйел адам, Франкфурт – Нұр-сұлтан – Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Ал екіншісі Мәскеу – Алматы рейсімен келген екен. Індет жұқтырғандар тиісті ем-дом шараларын алды.

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 67 расталған жағдайы тіркелген. Оның бесеуі сауығып, 14 күндік үй карантинінен шықты: 3 ер адам, 1 әйел және 12 жасар бала.

Бүгінгі күні қалалық жұқпалы аурулар стационарларында барлығы 62 науқас коронавирус инфекцияcы бойынша  ем алып жатыр.

Жаңадан анықталған тоғыз науқастың алтауы инфекция жұқтырғандармен байланыста болған. Бір әйел адам 19 наурызда Минск – Алматы рейсімен, бір пауқас  Дублин – Стамбул – Алматы бағытымен және бір адам Стамбул – Алматы рейсімен ұшып келген.

56 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 1 ересек науқастың жағдайы ауыр, 4 науқастың жағдайы орташа және 1 баланың жағдайы жақсарып келеді.

Жалпы алғанда бүгінгі күні провизорлық орталықтарда 1032 адам бар.

Новости партнеров