Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 72 адамға жетті
Коронавирус індетін жұқтырған саны 72 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 23:20 сағ. жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 72 науқас тіркелді, делінген хабарламада.