ПТР-тесттің экпресс-тесттен айырмашылығы қандай

20.06.2020 15:14

Алматыда коронавирусты диагностикалау және емдеу, тестілеу пункттерінің жұмысы туралы айтылды

Almaty.tv

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мамандар коронавирустан емделу және оны диагностикалауға қатысты сұрақтарға жауап беріді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Видеоконференцияға Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров, Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы – қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы директорының орынбасары Наталья Дягилева, «Олимп КДЗ» бас директоры Ерлан Сүлейменов және «Medical Partners Korea Qazaqstan (Медикал Партнерс Корея Қазақстан)» ЖШС медициналық қызмет бойынша директор Доктор Мин Хисук қатысты.

Камалжан Надыров коронавируспен ауырып жатқан диагностикалау және емдеу хаттамасына енгізілген жаңа ережелер туралы пікір білдіріп, қаладағы коронавируске қатысты ағымдағы жағдай жөнінде хабарлады.

«Клиникалық хаттамадағы өзгерістер коронавирус инфекциясының белгілеріне ұқсас ауру белгілері бар науқастарды емдеуге рұқсат етеді, алайда ол үшін олардың тест нәтижелері оң нәтиже көрсетпеуі керек», – деп атап өтті Камалжан Надыров. Осылайша, жаңадан енгізілген өзгерістер жағдайды бақылауда ұстауға, сонымен бірге аурудың әлдеқайда ауыр формаларын болдырмауға мүмкіндік береді.

Соған қарамастан, бүгінгі күні Алматыда жұқтырудың 3258 оқиғасы тіркелген, инфекциялық стационарларда 1351 адам жатыр. Камалжан Надыров науқастардың саны күн сайын көбейіп жатқанын тағы да еске салды, соған байланысты азаматтарға өз тараптарынан тәртіпті сақтау керек.

Жандарбек Бекшин өз кезегінде коронавирус инфекциясын диагностикалау барысын, сонымен бірге тесттер жетіспейді деген ақпаратқа байланысты түсініктеме беріп өтті.

«Қазіргі сәтте тесттен өтуге деген сұраныс көбейіп отыр. Бүгінде коронавирусқа тест тапсыруға болатын 6 зертхана жұмыс істейді. Өкінішке қарай, жұмысқа түскен салмақтың артуына байланысты, кейбір зертханаларға аз ғана уақытқа өз пункттерін техникалық жұмыстар жүргізу үшін жабуға тура келді», – деп хабарлады Жандарбек Бекшин, соған қарамастан, жағдайдың бақылауда екенін және қажетті тестілеу көлемін жүргізу (жасау) үшін медициналық ресурстардың жеткілікті екенін атап өтті. Тиісті техникалық және санитарлық-эпидемиологиялық шаралар аяқталғаннан кейін тестілеу пункттері келушілерді қабылдай бастайды.

Қалалық зертханалардың басшылары да өз қызметтері жайлы түсіндіріп өтті. Осылайша, Наталья Дягилева Ұлттық сараптама орталығы барлық кезең бойы 70 мыңнан астам тест өткізгенін, олардың арасында 2333-і оң нәтиже көрсеткенін хабарлады. Тәулік бойы істейтін жұмыс кестесін ескере отырып, зертханалардың қуаттылығы бір күнде 700-1000 тестті құрайды, алайда қазір зертхана тек мемлекеттік тапсырыстар бойынша жұмыс істейді. Бұл коронавирусқа тест тапсыратын жекеменшік пункттердің пайда болуымен байланысты. Бұдан өзге, ҰСО болжам бойынша 24 маусымнан бастап жұмысын бастайтын «Атакент» ҚІҚО-ғы жаңа зертхананың қызметін реттеумен т айналысады. Жаңа зертхана жұмыссыздар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, стационарларға жоспарлы түрде жатқызылатын науқастар, жастары 50-ден асқан пациенттер, тыныс алу аурулары бойынша, эндокриндік және жүрек қан-тамырлары жүйесі бойынша динамикалық бақылауда тұрған азаматтар үшін тегін 30 мың тест өткізбек.

«ОЛИМП КДЗ» және басшылары өз кезегінде «Medical Partners Korea Qazaqstan» қысқа мерзімге өз қызметтерін тоқтатты.

Ерлан Сүлейменов «ОЛИМП КДЗ» эпидемия басталғалы бүкіл Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясына тест қабылдауды жүзеге асырғанын хабарлады. Олардың пункттерінің басты міндеті – Алматы қаласындағы басқа зертханаларға түсетін күшті азайту, соған байланысты көршілес қалаларда қазір бар тестілеу пункттеріне қосымша зертханалар ашу жоспарлануда. Осылайша, басқа қалалардың тұрғындары тесттен өз аймақтарында өте алады, соның нәтижесінде Алматыдағы зертханаларға түсер салмақ азаюды. Қазіргі сәтте «КДЛ ОЛИМП» техникалық жұмыстар мен санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың жүргізілуіне байланысты өз қызметін тоқтатып қойды. Зертханалар дүйсенбі күні қайта ашылады, осылайша тұрғындар ақылы түрде коронавирусқа тест тапсыра алады.

Доктор Мин Хисук «Medical Partners Korea Qazaqstan» зертханаларында жүргізілетін тесттер туралы айтты. Бұл медициналық орталықтарда ақылы тест тапсыру мүмкіндігі де болған еді. Дегенмен де бұл орталықтар да зерттеуге қажетті материалдардың әуе жолдары арқылы әкелінуінің тұрақсыздығы себебінен өз қызметін уақытша тоқтатты. Зертханалар өзінің жұмысын сәрсенбі күні бастайды және тесттерді ақылы түрде өткізуге қайтып оралады. Бұдан өзге, «Халық Арена» мұз сарайының аумағында қосымша тестілеу пункттерін ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, Нұрлы-Тау бизнес-орталығының жанында орналасқан «Medical Partners Korea Qazaqstan» мобильді скрининг-орталығы бар екенін және онда коронавирусқа экспресс-тест тапсыруға болатынын еске саламыз.

Коронавирусқа тапсырылатын экпресс-тесттің ПТР-тестілеуден айырмашылығы, біріншісінде, пациент антиденелердің барына, жекелей алғанда, М және G иммуноглобулинге, ал екінші жағдайда, ол РНҚ вирусының бар-жоқтығын анықтау үшін тексеріледі. Осылайша, бірінші әдіс ауруды оның ең өршіген кезінде анықтауға бағытталған, сонымен бірге ол коронавирус инфекциясымен ауырып болғандар үшін тиімді болып табылады. Диагностикалауда тиімді әдіс болып ПТР-тестілеу болып саналады, ол ауруды бас кезінен анықтай алады.

Зертханалар басшыларының бәрі артылып отырған жұмыс күшіне қарамастан, олар бірінші қажеттілік туындаған жағдайда жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді. Олар сонымен бірге, жүргізілетін тест санының көп болуына байланысты оның нәтижесі әдеттегі 24 сағаттың орнына 48 сағатта шығарылуы мүмкін екенін айтып өтті.