|
26.04.2021 | 23:52
1028

Адам ағзасында коронавирустың 7 түрі кездеседі

Вакцина түрлі жолмен жасалғанына қарамастан, ағзада бір табиғи антидене жасақталады

Адам ағзасында коронавирустың 7 түрі кездеседі

Адам ағзасында коронавирустың 7 түрі кездеседі. Алматыда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Швейцариялық ғалым Вим Ван Дер Хелм осылай деп мәлімдеді. Атап айтқанда, ауыр жұқпалы респираторлы вирустар, тұмау, жоғары тыныс жолдарында болатын эндемиялық вирус түрлері мен SARS-Cov-2 және MERS-Cov. Ғалымның айтуынша, қазіргі уақытта қиындық туғызып отырғаны коронавирус мутацияға ұшырап, иммундық жүйенің жаңа штаммдарға қарсы тұруына мүмкіндік бермейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Коронавирустық инфекциялар – экологиялық жолмен тез таралатын және жұғатын вирус болып келеді. Ол жануарлар арасында, әсіресе, жарқанаттарда жиі кездеседі. Бірақ адамдар сол вирустың уақытша иесі болып табылады. Нәтижесінде генетикалық базаға өзгеріс енуі мүмкін. Ғылымда адамдарда кездесетін коронавирустың 7 түрі белгілі», – деді Швейцариядағы мемлекеттік емес өзара іс-қимыл және денсаулық сақтауды дамыту басшысы Вим Ван Дер Хелм.

Жалпы, онлайн жиынның басты мақсаты – COVID-19 бойынша мамандар арасында білім алмасу болды. Конференцияға Америка Құрама Штаты, Ұлыбритания, Израиль мен Италия және Ресей мемлекеттерінің ғалымдары қатысып, вакцинациялау бойынша да өз тәжірибелерін бөлісті. Қатысушылардың сөзінше, «тірі» және «әлсіздендірілген» COVID-19 вирусы негізінде жасалған вакциналар ағзада антидене қалыптастырады. Алайда вакцина түрлі жолмен жасалғанына қарамастан, ағзада бір табиғи антидене жасақталады екен.

«Біз вакцинациялаудың механизмін жасадық. Бұл механизм негізінде ағзада иммунитет қалыптасады. Яғни, антидене қалыптасу барысында ағза табиғи жолмен иммундық жүйені нығайтады. Сонымен қатар, антиденелер рецептор-жасушаларға вирустың енуін тоқтатады немесе жасуша иммунитетімен күрделі өзара әрекеттесу арқылы вирустың өмірлік цикліне араласады», – деді Швейцариядағы мемлекеттік емес өзара іс-қимыл және денсаулық сақтауды дамыту басшысы Вим Ван Дер Хелм.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир