Алматы полицейлері қоғамдық көлікте ұрлық жасаған азаматтарды ұстады

familyvacationcritic.com
familyvacationcritic.com
Күдікті қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полицейлері қоғамдық көлікте ұрлық жасаған 4 азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 58 жастағы Б.есімді азамат 126-бағыттағы қоғамдық көлікке отырып, жолаушының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен. 

– Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

Осы уақытта қаланың Әуезов ауданының полицейлері қалта ұрлығымен айналысқан тағы үш күдіктіні бір уақытта ұстады.

– Олардың бірі – Алматы облысынан келген 30 жастағы Н.есімді азамат. Ол жасөспірімнің телефонын ұрлап алған. Тағы бір қалта ұрысы – 30 жастағы А.есімді азамат дәл осындай әрекет жасаған. Қоғамдық көлікте ол бөтен біреудің мобильді құрылғысын ұрлап, қашуға әрекеттенген. Қарт адамды тонаған жоғарыда аталған екі күдікті мен 35 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Осы эпизодтар бойынша қылмыстық істер сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр. 

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Оқи отырыңыз: Тараздағы жарылыс: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

Новости партнеров