Талдықорғанда 1284 дана вейп сатпақ болған екі жігіт ұсталды
стоп кадр
Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жетісу облысында жедел іс-шара барысында заңсыз вейп сатпақшы болған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 және 22 жастағы азаматтардың бірі тауарды жеткізіп беруші, екіншісі сатушы екені анықталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары 1284 дана вейп тәркілеген.
Жетісу облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Оқи отырыңыз: Бүлдіршіндерді сүйреген тәрбиешіге қатысты тергеу амалдары басталды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
05.10.2026 09:24
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Елімізде көлік жүйесі қалай өзгеріп жатыр
05.10.2026 09:45