Жамбыл облысында 200 адам қаржы пирамидасына алданған

05.04.2024 13:42

Ұйымдастырушыларға қатысты 3 қылмыстық іс тіркелді

elements.envato.com

2023 жылы Жамбыл облысында 200 адам қаржы пирамидасына алданғанын айтып шағым түсірген. Ұйымдастырушыларға қатысты 3 қылмыстық іс тіркелген. Нәтижесінде 45 млн теңге шығын өтелген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Дәурен Мамытов айтты.

«Қаржы пирамидаларымен күрес аясында Жамбыл облысында заңсыз мазмұндағы 1013 сайт пен аккаунт бұғатталды. Арнайы мамандар биыл өңірдегі 23 колледж бен 80-нен астам мектепке қаржылық пирамиданың қаупі туралы дәріс оқыды. Жалпы, облыста көлеңкелі экономиканың үлесі 2022 жылы 25,2 пайыз болса, былтыр 2,1 пайызға азайып, 23,1 пайызды құрады», — деді ол.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында жергілікті билік халыққа неге су бермей отыр