Алматыда мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды

13.05.2024 13:45

Көп жағдайда ұрлық кейбір азаматтың өз мүлкіне ұқыпсыз қарауынан, мопедтерін, велосипедтерін және самокаттарын қараусыз қалдыруынан болады

Almaty TV

Алматыда тұрғын алабында мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрестің бағыты – мопед, велосипед, самокаттар ұрлығының алдын алу. Талдау нәтижесі көрсеткендей, көп жағдайда ұрлықтың бұл түрі кейбір азаматтардың өз мүлкіне ұқыпсыз қарауы, мопедтерін, велосипедтерін және самокаттарын қараусыз қалдыруы нәтижесінде жасалады. Олар мүлігін кіреберістерде, тұрғын үйлердің аулаларында, дүкендердің алдында қалдырады. 

– Өткен мереке күндері біз екі топтың құрамында әрекет еткен алты жас жігіттің мопед ұрлау әрекеттерін әшкереледік. Олар түнгі уақытта бөтен адамдардың мопедтерін ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынғанын алдын ала біле тұра, ұрланған тауарды алып отырған сатып алушы да ұсталды. Қылмысқа қатысы бар әрбір адамның әрекетіне тергеумен құқықтық баға берілетін болады, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр. 

Сонымен қатар Алматы полициясы екі дөңгелекті көліктерді ұрлықтан мынадай жолмен қорғауды ұсынады: 

– кіре берісте қараусыз қалдырмаңыз; 

– велосипедтерді, мопедтерді, самокаттарды, ұрлыққа қарсы құралдарды пайдалана отырып, бейнекамералармен жабдықталған орындарда тұраққа қойыңыз; 

– ұрланған жағдайда дереу "102" пультіне хабарлаңыз. 

Сондай-ақ ұрланған мүлік туралы ақпаратты –  құжаттарын, маркасын, түсін, фотосуреттерін, сериялық немесе басқа нөмірлік белгілерін дайындау қажет.

Оқи отырыңыз: Санкт-Петербургте өзенге құлаған автобус жүргізушісі қамауға алынды