Шенеунік Шымкенттің сейсмикалық қауіпсіздігіне бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді

кадр из видео
кадр из видео
Тергеу жалғасып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент Тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Тексерулер нәтижесі бойынша, Шымкент бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шымкент тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады.

"Лауазымды адам қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен жымқырды деген күдікке ілінді. Залалдың алдын ала сомасы 120 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, қатарлас қаржылық тергеу барысында шенеуніктің Түркістан облысының Қазығұрт ауылында анасына рәсімделген монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру туралы нұсқасы тексеріледі.

"Қазіргі уақытта ол Шымкент қаласының ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оқи отырыңыз: Таразда есірткі курьері мефедронмен ұсталды

Новости партнеров