Алматыда 2 748 адам ұсталып, 131 қару-жарақ тәркіленді
egemen.kz
Өткен тәулікте «102» басқару пультіне небәрі 437 хабарлама келіп түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы комендатурасында қаладағы жағдай бойынша жаңа ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Комендатура мәліметінше, террорға қарсы операция басталғаннан бері лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 748 қатысушысы ұсталып, 131 бірлік атыс қаруы мен 4 179 оқ-дәрі тәркіленді.
Өткен тәулікте «102» басқару пультіне небәрі 437 хабарлама келіп түсті.
Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 41 дабыл түсті. Барлық хабарлама өңделді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35