Оралда киік мүйізін тасымалдаушы ұсталды (видео)

29.02.2024 13:49

Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Видеодан кадр: polisia.kz

Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600-ге жуық киік мүйізін тәркіледі. Атыраулық тұрғын қамуға алынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ІІМ Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап. 

Полицейлер "Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында оның жүк бөлігінен 593 дана киік мүйізі табылды. ІІМ мәліметінше, автокөлікті Атырау облысының тұрғыны басқарған. Қазір жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ведомстводағылар аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Оқи отырыңыз: Қызды аяқ киімнің бауымен тұншықтырып өлтірген ер адамға үкім шықты