Қызды аяқ киімнің бауымен тұншықтырып өлтірген ер адамға үкім шықты

elements.envato.com
elements.envato.com
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, қылмысты қалай жасағанын егжей-тегжейлі айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 28 жастағы қызды өлтірген адамға үкім шығарылды. Өзбекстан азаматының жансыз денесі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Қылмысты 29 жастағы ер адам жасаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, марқұм мен сотталушы арасында ұялы телефонға байланысты жанжал туындаған. Ер адам оны қыз ұрлады деп күдіктенген. Жанжалдан кейін төбелес басталған.

"Ер адам аяқ киімнің бауын алып, қызды тұншықтырып өлтірген. Полиция күдіктіні тұрғылықты жерінен тапты", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, қылмысты қалай жасағанын егжей-тегжейлі айтып берді.

Айта кетейік, оқиға былтыр шілдеде болды. Бұл оқиға қазақстандықтарды дүр сілкіндірген еді. Ал марқұм қыздың Өзбекстаннан Шымкентке ақша табуға келгені анықталды. Сот процестері кезінде қайтыс болған адамның туыстары болған жоқ, оларды табу мүмкін болмаған.

Ал сотталушының туыстары үкімді жеңілдетуді сұраған. Сотталған адам да үкімге шағымдануға тырысты, бірақ сот үкімі күшінде қалды. Кісі өлтіргені үшін ол колонияда 10 жыл отырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Новости партнеров