ІІМ мен ҰҚК ірі онлайн-казино желісін анықтады

15.01.2024 13:53

Қазақстанда шамамен құмар ойындарына салынған 350 мың адам бар

polisia.kz

Ел бойынша 326 лото клуб қызметіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанда 326 лото-клубтың көзі жойылды. ІІМ мен ҰҚК онлайн казино ұйымдастырған 400-ден астам адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұтқындалғандардың арасында шетел азаматтары да бар. Олар ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасады деп айыпталып отыр. Тінту кезінде 23 қару, 247 млн теңге, 55 млн рубль, 125 мың доллар тәркіленді. Бүгінгі бағам бойынша жалпы сома жарты миллиард теңгеден асады.

– Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында бір ғана өңірлік лото клубтарының ай сайынғы жиынтық табысы орта есеппен 300 миллион теңгені құрайтыны анықталды. Сәйкесінше еліміздің барлық өңірінен шамамен 6 миллиард теңгені құраған. Бұл ретте қаражаттың шамамен 70 пайызы шетелге шығарылған. Ұйымдастырушылардың біреуіне ғана ай сайын шамамен 900 миллион теңге түсіп отырған, – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қуандық Алпыс.

Оқи отырыңыз: Павлодарда абайсызда әкесін өлтірген ер адам сот залынан босатылды