|
12.01.2024 | 18:03
288

Павлодарда абайсызда әкесін өлтірген ер адам сот залынан босатылды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Павлодарда абайсызда әкесін өлтірген ер адам сот залынан босатылды elements.envato.com

Жазатайым оқиға өзара жанжалдан басталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

№ 2 сотында ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі – «Абайсызда адам өліміне әкеп соғу» туралы іс қаралды.

Іс материалы бойынша, өткен жылдың 11 шілдесінде екі мас ер адам өзара сөзге келіп қалған. Әкесі еш жерде жұмыс істемейтін және бос жүрген 35 жастағы ұлын үйден қуып жібергісі келген.

– Жанжал кезінде жас жігіт әкесінің бетінен ұрып, бар күшпен итеріп жіберген. Әкесі тепе-теңдігін жоғалтып, басын батареяға соққан. Артынша есін жоғалтып, орнынан тұрмақ болған. Алайда зейнеткер алған жарақаттарынан есін жимастан көз жұмған, – дейді № 2 сотының баспасөз қызметінде.

Мұндай қылмыс үш жылға бас бостандығынан айырумен жазаланады. Сотталушы мүліктік залалды өз еркімен моральдық зиянды өтеген жағдайда жазадан құтылуы мүмкін. Бұл тармақ ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабы 1-бөлігінің 1-бөлімшесінде көзделген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, сотталушы сот залынан босатылды.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жасөспірім жоғалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир