Қызылордада есірткі сатпақ болған бұрынғы мұғалім ұсталды

22.05.2024 13:54

Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда

elements.envato.com

Қызылорда облысында аса ірі көлемде синтетика сатпақ болған адам қолға түсті. Ол қалаға қарасты елдімекендердің бірінде мұғалім қызметін атқарған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы күдіктіні бақылауда ұстаған.

«Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 34 жастағы тұрғын қолға түсті. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, тінту кезінде тәркіленген ұнтақ салмағы 261 грамм α-PVP психотроптық заты екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада каналдан белгісіз жағдайда қаза тапқан 50 жастағы адамның мәйіті шығарылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда өнер майталмандары марапатталды