Алматы комендатурасында қаладағы жағдай бойынша жаңа ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Комендатура мәліметінше, келесі аймақтар қылмыскерлерден тазартылды:
Бостандық және Түрксіб аудандарының аумағында лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 925 қатысушысы ұсталып, 38 бірлік атыс қаруы мен 1 486 оқ-дәрі тәркіленді.
«102» басқару пультіне небәрі 961 хабарлама келіп түсті.
Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 215 дабыл түсті. Барлық хабарлама өңделді.