Арнайы сайтқа бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын жүктеуге болады
Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz веб-сайтын іске қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл сайтта азаматтар осы жылы болған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады.
«Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіруді жүргізуде. Сонымен қатар 115 Call-орталығына ұсынған ақпараттары үшін азаматтарға алғыс айтамыз», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.