|
28.03.2023 | 09:24
362

Шекарадан өтпек болған шетелдік азаматтың көлігінен есірткі табылды

Сараптама тағайындалды

Шекарадан өтпек болған шетелдік азаматтың көлігінен есірткі табылды ашық дереккөзден

Түркістан облысында полицейлер шекарадан өтпекші болған шетелдіктің жүк көлігінен гашиш тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Қазығұрт» шекара бақылау-өткізу бекеті қызметкерлері қызметтік иттің шекарадан өтпекші болған ер адамның көлігіне белгі бергенін хабарлаған.

Ақпарат бойынша оқиға орнына шыққан полицейлер, заңмен тыйым салынған затты анықтады.

«Өзбекстаннан Қазақстанға VOLVO маркалы жүк көлігімен өтпекші болған шетелдіктің көлігін тексеру барысында, күмәнді зат табылды. Яғни ер адамның көлікте тұрған күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы алынған есірткінің «гашиш» екенін растады», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир