|
05.12.2022 | 09:28
2781

Ақтауда пәтердегі жарылыстан ер адамның бір қолы жұлынып кеткен

Жарылыстың екпінінен терезе әйнектері сынған

Ақтауда пәтердегі жарылыстан ер адамның бір қолы жұлынып кеткен lada.kz

Ақтауда пәтерлердің бірінде жарылыс болып, ер адамның қолы жұлынған. Жәбірленуші реанимацияда жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға өткен сенбі, 3 желтоқсанда 27-шағынаудандағы № 46 үйде болған. Тұрғындардың айтуынша, түскі уақытта пәтерлердің бірінен қатты дыбыс шыққан.

Жарылыстың екпінінен терезе әйнектері сынған.

Куәгерлер оқиға салдарынан осы пәтерде тұратын ер адам зардап шеккенін жеткізді. Ол бір қолынан айырылған.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін хабарлады. Ол қазір реанимация бөлімінде жатыр.

"Егжей-тегжейлі ақпарат дүйсенбіде беріледі", - деді аурухана өкілі.

№ 46 үй тұрғындары зардап шеккен ер адам - әскери қызметші. Ол бұл пәтерде отбасымен бірге тұрады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир