Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қарағандыда полиция қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында синтетикалық есірткі сату дерегі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қылмыс жасады деген күдікпен 30 жастағы түнгі клубтардың бірінің жұмыскері анықталып, оның сол мекемеде ұзақ уақыт бойы есірткі сатқаны анықталды.
«Күдіктіні ұстау барысында одан "мефедрон" синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ, есірткі сатушының жалдап тұрған пәтерінен есірткі тұтынуға пайдаланатын әртүрлі заттар, зип-лок пакеттері, есірткі шегетін аппарат, электронды таразы және ұялы телефон тәркіленді. Сонымен қатар түнгі клубқа санкцияланған тексеріс барысында 40 дана травматикалық оқдәрі тәркіленді», - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз: Павлодар полицейлері заңсыз ауланған 15 тоннадан астам балықты тәркіледі