Павлодар полицейлері заңсыз ауланған 15 тоннадан астам балықты тәркіледі

polisia.kz
polisia.kz
5 көлік айыппұл тұрағына қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Браконьер" жедел-алдын алу шарасы барысында балықты заңсыз аулағандар қолға түсті. Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 фактісін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Браконьерлік, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесуге бағытталған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

- Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 фактісін анықтады, оның ішінде, заңсыз аң аулаудың 23 фактісі, балық аулау ережелерін бұзудың 9 фактісі тіркелді. Полиция 15 тоннадан астам заңсыз ауланған балық ресурстарын тәркіледі. Балық ресурстарын заңсыз өндірудің және ағаш ұрлаудың фактілері анықталды. 5 көлік айыппұл тұрағына қойылды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Рейд барысында полиция Кеңтүбек ауылдық округінде орналасқан су айдынында заңсыз балық аулаған Май ауданының тұрғынын ұстады. Автокөліктен қытайлық ау, үрлемелі резеңке қайық, жалпы салмағы 5 кг-нан асатын "мөңке" балығы тәркіленіп алынды.

Оқи отырыңыз: Жертөлені су басып қалды: Атыраудағы тұрғындар жағымсыз иіске тұншығып отыр

Новости партнеров