Қазақстанда заңсыз жүрген 121 шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бес күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңнан астам дерегі анықталды.
«Сонымен қатар қос азаматтықтың 9 фактісі анықталды, шетелдіктерге елде тұруға берілген 113 ықтиярхат күшін жойды.
Көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 850 сот шешімі шығарылды. 121 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды. Депортацияланғандарға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Іздеуде жүрген 37 шетелдік ұсталды», - деп жазылған хабарламада.
Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға шақырылған шетелдік азаматтардың елден уақытылы кетуін ұйымдастыру қажеттігін еске салады.
Оқи отырыңыз: Алматыда мектептер жанынан қосалқы нысанның құрылысы жүріп жатыр