|
16.03.2023 | 15:20
10393

Жағдайы ауыр: Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Күдікті – Жібек жолы ауылының тұрғыны

Жағдайы ауыр: Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті stan.kz

Астанада 13 жерінен пышақталған мешіт қызметкерінің жағдайы аса ауыр. Ол ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал күдіктінің 1990 жылғы Жібек жолы ауылының тұрғыны екені анықталды. Сарыарқа ауданының полиция бөлімі аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастап, барлық қажетті сараптамалар тағайындаған.

Кеше 33 жастағы азамат мешіт қызметкерін 13 жерінен пышақтап, ауыр жараланғанын еске салайық. Күдікті сол жерде ұсталған болатын.

«Аталған қылмысқа қатысы бар азамат қылмыс орнында ұсталды. Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР қылмыстық процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр. Өзге деректер жария етілмейді», – деді Астана қалалық ПД ресми өкілі Эльмира Шәуленова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир