|
28.02.2023 | 09:40
11404

Атырау тұрғынынан психотропты дәрілер, 3 млн теңге мен жеке куәліктер тәркіленді

26 ақпанда кезекші бөліміне әйелдің заңсыз есірткі дайындау, психотропты дәрілерді сақтағаны туралы хабар түскен

Атырау тұрғынынан психотропты дәрілер, 3 млн теңге мен жеке куәліктер тәркіленді tolqyn.kz

Атырау тұрғынынан психотропты дәрілер, 3 млн теңге мен жеке куәліктер тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 ақпанда кезекші бөліміне әйелдің заңсыз есірткі дайындау, психотропты дәрілерді сақтағаны туралы хабар түскен.

Аталған дерекке байланысты Атырау қалалық полиция басқармасы №2 полиция бөлімінің қызметкерлері «Береке» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің біріне тексеру жүргізген.

«Тексеру кезінде дүйкеге тиетін әсері жоғары 7 дана трамадол, 3 дана тропикамид дәрі-дәрмегінің бос бөтелкесін, дәрігердің рұқсатымен ғана берілетін «Сомнолий» дәрі-дәрмегі және целлофанға оралған қара түсті өзіне тән иісі бар психотроптық есірткіге ұқсас зат табылды. Бұған қоса бөтен адамдардың 14 жеке басын куәландыратын түрлі құжат, 6 дана еңбек кітапшасы мен 3 млн 074 мың теңге табылып, тәркіленді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Бұған дейін Атырауда 9 келіге жуық марихуана сақтаған күдікті ұсталған еді.

Есірткі заттарын 1973 жылғы күдікті заңсыз сақтап келген. Сот-сараптамалық талдаудың қорытындысына сәйкес салмағы 206 полиэтилен қапқа салынған 8 келі 867 грамды құрайтын заттар кептірілген марихуана өсімдігі екені расталған. Күдікті қамауға алынды.

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда есірткі сатумен айналысқан әйел адам қолға түсті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир