|
22.06.2023 | 09:42
4209

Полиция қызметкерлері жезөкшелер үйін анықтады – видео

Сондай-ақ жаңа туған сәбиді сату дерегінің жолы кесілді

Полиция қызметкерлері жезөкшелер үйін анықтады – видео Polisia.kz

Республика көлемінде өтіп жатқан «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы полицейлері бес жезөкшелер үйін анықтады. Сондай-ақ жаңа туған сәбиді сату дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, жезөкшелікпен айналысатын орындар, сондай-ақ адам саудасына қатысты басқа да заң бұзушылықтар республикалық «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.

Айта кету керек, Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел және арнайы іс-шаралар жүргізілді.

«Жыныстық эксплуатацияның алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелерінде, монша кешендерінде, сауналарда, қонақүйлерде жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеуге негіз болған жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысудың 5 дерегі анықталды. Сонымен қатар арнайы іс-шара барысында жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолы кесілді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Сондай-ақ емдік массаж жасайтын орынның кейпін жамылып, интимдік қызмет көрсетумен айналысқан екі массаж салонының заңсыз әрекеті анықталды», – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир