|
05.03.2024 | 08:44
446

Екі күн пәтерде ұрып-соққан: бопсалаушылардан қашқан жігіт 5-қабаттан секіріп кеткен

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр

Екі күн пәтерде ұрып-соққан: бопсалаушылардан қашқан жігіт 5-қабаттан секіріп кеткен elements.envato.com

Ішкі істер министрлігі бопсалаушылар тобын анықтауға және олардың жолын кесуге ерекше назар аударады. Жыл басынан бері ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 130-дан астам осындай фактіні анықтап, жолын кесті. Оның ішінде қылмыстық топтар жасаған фактілер де бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

8 ақпанда ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды.

Мысалы, олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп, ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефондарын тартып алған.

Сонымен қатар тағы бір миллион теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кетіп, көп жарақат алды.

Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Оралда полиция қызметкерлері колледж студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында қылмыстық топ түйелерді атып алған

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир