2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бүркіт» ЖСН және прокуратура органдарының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам «мефедрон», 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.
«Қара нарықта» алынған есірткінің құны 4,2 млрд теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
Оқи отырыңыз: Қызылордада каналдан 50 жастағы адамның мәйіті шығарылды