Қонаевқа демалуға барған 3 жігіт төбелесіп, ауруханаға түсті

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сәуірдің 8 күні, сағат 19:03-те Қонаев қалалық полиция басқармасына қалалық ауруханадан түрлі дене жарақаттары бар үш ер адамның түскені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Осы хабарлама бойынша Қонаев қаласы ПБ СДТБТ-да ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағында “Бұзақылық” көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тергеу барысында зардап шеккендер Қапшағай су қоймасының жағасына ұжымдық демалысқа келіп, жеке аумаққа заңсыз кіргені анықталды. 1986 жылғы Г. есімді аймақтың меншік иесі мен жұмысшылары ер адамдармен ауызша жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Оқиғаға қатысушылары мән-жайды анықтау және оның қатысушыларының іс-әрекетін құқықтық бағалау үшін полиция басқармасына жеткізілді.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу жалғасуда.  ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Новости партнеров