Алматы облысында әйелді өлтірмек болды деген 4 күдікті ұсталды
kaz.tengrinews.kz
9 ақпанда сағат 4:00 шамасында күдіктілер терезеден, үйге кірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында әйелді өлтірмек болды деген 4 күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
9 ақпанда таңертең Шонжы кентінің аудандық ауруханасына ашық бас сүйек жарақатымен 50 жастағы А. есімді әйел жеткізілді. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 8-тармағы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша тіркелген. 1999, 2001 және 2000 жылы туған төрт күдікті ұсталды. Олар Ұйғыр, Еңбекшіқазақ ауданы мен Алматы қаласының тумасы екені анықталды.
9 ақпанда сағат 4:00 шамасында күдіктілер терезеден, үйге кірген. А.-ны көргенде оның басына дене жарақатын салған.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
18 қыркүйекке арналған валюта бағамы
18.09.2026 09:00
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
19.09.2026 08:06
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25