Түркістан облысында екі әйел дүкеннен азық-түлік ұрлаған

polisia.kz
polisia.kz
Қазір қос әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында дүкеннен азық-түлік ұрлаған әйелдердің әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. Қазір қос күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқиға Бәйдібек ауданында болды. Аудандық полиция бөліміне арызданған жеке кәсіпкер, дүкенінен белгісіз біреулердің азық-түлік ұрлап жүргенін жеткізген.

Аталған жағдайға қатысты тәртіп сақшылары, қажетті іздестіру шараларын жүргізді. Күдіктілердің әрекеті бейнебақылау камерасына арқылы әшкере болды.

- Ұрлыққа қатысы бар 43 пен 46 жас шамасындағы екі әйел анықталды. Алдын ала келісіп алған келіншектер тұтынушы кейпінде азық-түліктерді салып алып, білдірмей шығып кеткен. Қазіргі таңда қос әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Мегаполисте қымбат көлікті ұрлаған азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Новости партнеров