Қазіргі уақытта күдіктілердің бопсалаудың бес фактісіне қатысы бар екені анықталды
Павлодар облысында бопсалаушылардың қылмыстық тобы ұсталды. Топ құрамында 25 пен 35 жас аралығындағы азаматтар болған. Әзірге күдіктілердің 5 фактіге қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тінту шараларының нәтижесінде қатысушылардан бес атыс және бір травматикалық қару, қолдан жасалған кастет, пышақтар мен РГД-5 гранатасы тәркіленді. Қазір бұл топ мүшелерінің Павлодар облысының аумағындағы бұзақылық әрекеттер мен пәтер ұрлығына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
– Қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды, оның ішінде ең белсенді 3 қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде, – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында жоғалған мал табылды