Павлодар облысында жоғалған мал табылды

Сурет:elements.envato.com
Сурет:elements.envato.com
«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Май ауданында жүзден астам мал иесіне қайтарылды. Олар «Қара бұдыр» шалғай учаскесінің еркін жайылымынан жоғалып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше 27 қарашадан бастап мал ұрлығына қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері мал сою орындары мен ет өнімдерін өткізу пункттерін тексерді.

– Баянауыл ауданының полицейлері мал иесіне «Әулие» учаскесінің еркін жайылымынан жоғалып кеткен екі ірі қара малын қайтарып берді. Ал Май ауданында дала алқабында, Ақшиман ауылынан 20 шақырым жерде 111 бас ұсақ мал табылып, иесіне қайтарылды. Олар «Қара бұдыр» шалғай учаскесінің еркін жайылымынан жоғалып кетті, – деді департаментте.

Айта кету керек, шара басталғалы бері полицейлер иелеріне 113 бас малды қайтарып үлгерді. Тиісті құжатсыз мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдағаны үшін бес құқық бұзушы ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

Новости партнеров