Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабына (адам өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Талдықорғанда әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
11 қаңтарда Талдықорған полициясына көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтерінен денесінде пышақ жарақаттарымен 42-жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Пәтер азаматтық некедегі ерлі-зайыптыға жалға берілген, олар сол күні кешке құрбысымен мерекелік отырыста ішімдік ішкені анықталды.
"Бұл дерек бойынша ер адамның өліміне азаматтық некеде бірге тұратын 33 жастағы әйелдің қатысы бар екені белгілі болды. Әйел ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде оқиға орнынан табылған асүй пышағы, сондай-ақ, қылмыстың куәгері болған ерлі-зайыптының қонағынан жауап алынды", – дейді Талдықорған қаласының полициясы бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабына (адам өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.