Алматылық полицейлер бейнебақылау жүйелері арқылы ұрыны анықтады

ehonews.kz
ehonews.kz
4 күн ішінде ер адам үш рет ұрлық жасаға
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полиция қызметкерлері «Сары арқа» базарында ұялы телефон ұрлау әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін 1980 жылы туған Т.есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз іс-әрекетіне ешкім қарап тұрмағанына көз жеткізген ол, әйелдің ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қашып кетпек болған күдікті қолға түсті. 4 күн ішінде ер адам үш рет ұрлық жасаған.

«Қазір уақытта ұсталған адам кінәсін мойындап жатыр.  Оның тағы екі бірдей қылмысқа қатысы бар екені де дәлелденді.  Аталған деректер бойынша қылмыстық істер тіркелді.  ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі; 188 бабы 1 бөлігі; 188 бабы 3 бөлігінің 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Негізінен, қаскөй базарда жүрген, сатып алушылар сатып алынған тауарлармен әлек болып жатқанда, қалталарынан немесе сөмкелерінен ұялы телефондарды үнсіз шығарып алатын болған.  Қазір күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - деді, Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Новости партнеров