|
18.01.2022 | 13:44
5566

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметтік итті ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Кинолог-сарбаз Найтспен жұптасып қызметте жүргеніне бір жылдай болғанын айтты

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметтік итті ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде полицияның итін ұрлап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

5 қаңтар күні Ұлттық ұланның сарбазы, ефрейтор Рүстембек Байқарашев жарақат алып, Найтс атты итін жоғалтып алды.

«Шабуыл жасаушылар басымнан ұрды, сол кезде сәл әлсірегенімді пайдаланып, бауы қолымда тұрған қызметтік итімді алып кетті.  Есімді жиған кезде қылмыскерді суреттеп бердім. Оны бүгін қамауға алды. Полиция қызметкерлеріне алғыс айтамын», – деді Рүстембек.

Иесі мен иттің көптен күткен кездесуі полиция бөлімшесінің қабырғасында өтті. Найтс жедел уәкілдердің кабинетінде тыныш отырып серіктесін күтті.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында шаһарға жақын жерде жаппай тәртіпсіздіктің белсенді қатысушы - 1989 жылы туған А. есімді азамат ұсталды.  Төрт аяқты жауынгер бауға ілініп, аумақты күзетіп тұрған.  Қазір ұсталған азаматтың жеке басы қайғылы оқиғалар кезінде орын алған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Кинолог-сарбаз Найтспен жұптасып қызметте жүргеніне бір жылдай болғанын айтты. Оның айтуынша, ит өте ақылды, мейірімді және тәртіпті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир