Маңғыстау облысының полицейлері 94 келі бекіре тәркіледі

30.06.2023 15:06

Тәркіленген балық «Kazakh Osseter» ЖШС мекемесіне тапсырылды

ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының полицейлері 94 келі бекіре тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

«24 маусым түнгі сағат 3:00 шамасында полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында ақ түсті Volvo ХС90 автокөлігі тоқтатылды. Көліктің жүк салғышынан 94 келі 600 грамм болатын 17 дана заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық тәркіленді», - деп жазды ІІМ-нен.

24 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. ҚР ҚК 339-бабы бойынша ПД сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тәркіленген балық «Kazakh Osseter» ЖШС мекемесіне тапсырылды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.