Жаркентте бір-біріне соғылған көліктер жанып кетті, бір адам көз жұмды

30.06.2023 15:39

Оқиға бойынша тергеу амалдары басталды

Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Жетісу облысында жеңіл көлікпен жүк машинасы соқтығысып бір адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 30 маусым Жаркент қаласында болды. Toyota Camry және Volvo ауыр жүк машинасының соқтығысу кезінде екі көлік те жанып кетті.

Оқиға орнында 37 жастағы ер адам қаза тапты.

Түнде Головацкий көшесімен келе жатқан жапон көлігінің жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан.

Соққы жанармай багына тиген.

«Жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптама тағайындалды. ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімі бойынша тергеу амалдары басталды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.