Әйел алтын алқа үшін зейнеткерді пышақтап өлтірді

mnews.kz
mnews.kz
"Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда еш жерде жұмыс істемейтін 45 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде зейнеткерді пышақтап, алтын алқасын жұлып әкеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Қостанай қаласындағы көпқабатты үйдің кіреберісінен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлама келіп түсті. Күдікті қонақтан үйіне қайтып келе жатқан 75 жастағы зейнеткердің алтын әшекейлерін байқап қалған. Сосын ол зейнеткерге еріп подъезге кіріп, оны пышақтап, мойнындағы алтын алқасын алып кеткен", - делінген хабарламада.   

Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековтің айтуынша, қылмысты ашуға облыстың және қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылып, кісі өлтіру қылмысы екі сағатта ашылған.

Ұсталған адамнан заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі "Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды.

Новости партнеров