Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды
Depositphotos
Сондай-ақ, А. Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
«Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, А. Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылды.
Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды», - делінген ресми мәлімдемеде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
11.09.2026 13:00
Ізденістен қорықпаңыз: 12 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
12.09.2026 10:37
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
12.09.2026 09:08
11 қыркүйекке арналған валюта бағамы
11.09.2026 10:04
Шашты қаншалықты жиі жуған дұрыс
12.09.2026 12:58