Ақсайда кәсіпкерді өз үйінде атып кетті

19.07.2022 15:10

Үй ауласынан полицейлер белгісіз маркадағы қаруды тауып, тәркіледі

ашық дереккөзден

Ақсай қаласындағы дүкендердің бірінің иесінің басынан оқ тиген мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

БҚО полициясы хабарлауынша, сауда нысаны иесінің денесі 15 шілде күні сағат 22:00-де өз үйінің дәлізінен табылған.

Үй ауласынан, қақпа жанынан полицейлер белгісіз маркадағы шолақ мылтық тауып, тәркіледі.

Кәсіпкердің денесін сот-медициналық сараптамадан өткізу үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жіберді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.