Ұлыбританияда ер адам итті тістеп алған
novate.ru
Сот ер адамды түрмеге жапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлыбританияда 34 жастағы Мэттью Боултер полицейге шабуыл жасап, қызметтік итті тістеп алған. Ол бұл істері үшін түрмеге қамалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оның көршілері полицияға шағымданған. Ер адам бірнеше адамға шабуыл жасаған. Оқиға орнына полицейлер барған, бірақ ол жай берілгісі келмеген. Кейін Ксандер атты қызметтік ит офицерге көмекке жүгірген. Ал Боултер иттің басынан тістеп алған.
Ақыр аяғында тәртіп бұзушы қамауға алынған. Кейін оған үш адамға, оның ішінде полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны, жануарға шабуылдағаны үшін айып тағылған. Сот ер адамды түрмеге жапқан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10