Жол-көлік оқиғасы кезінде аялдамаға зақым келген
Елордада жүргізушісі жоқ көлік аялдамаға соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2 желтоқсан күні Қонаев көшесінде 21 жастағы жүргізуші ВАЗ 2114 маркалы көлік құралын өздігінен жүруді болдырмайтын шараларды қолданбай тастап кеткен. Салдарынан көлік аялдамаға барып соғылған.
Жол-көлік оқиғасы кезінде аялдамаға зақым келген, онда адамдар болмаған.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін Астана қаласының әкімшілік сотына жіберілді.
Белгілі болғандай, жүргізуші Қонаев көшесіндегі үйдің маңайына өзінің көлік құралын қойып, кетіп қалған.
Полиция департаменті жүргізушілерге сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.