|
10.08.2023 | 10:21
5013

Жас қыздарды тартқан: Қазақстанда порнография түсірген топ әшкере болды

Олар модельдік агенттіктің атын жамылған

Жас қыздарды тартқан: Қазақстанда порнография түсірген топ әшкере болды polisia.kz

Елімізде порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 

ІІМ таратқан ақпарға сай, олар әлеуметтік желі арқылы ай сайын 2 миллион теңгеге дейін табыс табуға болатынын жарнамалап, 18-ден 25 жасқа дейінгі қыздарды іздеген. Ал өздерін модельдік агенттік ретінде таныстырған. 

Жұмыс іздеп келгендерді барлық талапты орындауға мәжбүрлеп, психологиялық қысым көрсеткен. Айыппұл салу жүйесі де болыпты. Тәртіп сақшылары Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қаласында қыздардың интимді видеоларын тәулік бойы көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтерді анықтаған.

– Арнайы операция барысында аталған қалаларда бір уақытта 138 тінту жүргізіліп, 80-нен астам компьютерлік жабдық, шамамен бір килограмм есірткі заты және 69 мыңнан астам АҚШ доллары тәркіленді. Полицияға барлығы 118 адам жеткізіліп, қылмыстық топтың 13 негізгі ұйымдастырушысы, соның ішінде үш шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.     

Оқи отырыңыз: Орал тұрғыны ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир