Шымкентте жалдамалы пәтерден қыздың денесі табылды

26.11.2021 15:38

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

otyrar.kz

25 қарашаға қараған түні Шымкент қаласындағы Республика даңғылы 16-үйде орналасқан жалдамалы пәтерден пышақ жарақатын алған 23 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Пәтер иесінің айтуынша, жәбірленуші тұрғын үйді үш күнге жалға алған. Алғашқы екі күнде қыз пәтер иесімен сөйлескен, дауысында күдікті ештеңе байқалмаған.

Үшінші күні қыз қоңырауларға жауап бермеген кезде үй иесі дабыл қаққан. Ол қосалқы кілтпен ашып кірген. Бөлмеде қыздың қанға боялған мәйіті болған.

Дәрігерлер оның денесі пәтерде шамамен бір күн жатқанын айтқан. Түні бойы жедел уәкілдер оқиға орнында жұмыс істеген.

Кісі өліміне күдікті Түркістан облысының 1990 жылы туған тұрғыны болып шықты. Азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда аталмыш оқиғаға байланысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.