Павлодарлық полицейлер жұртты алдап келген пәтер алаяғын қолға түсірді

elements.envato.com
elements.envato.com
Бүгінгі таңда өңірде 1009 алаяқтық фактісі тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ол танымал сайттарда пәтерді жалға беремін деп хабарландыру жасаған. Қазіргі уақытта полиция алаяқтан зардап шеккендерді анықтап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінен хабарлады.

«Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар полициясының жедел уәкілдері сайтта жалған хабарландырулар жасап жатқан көрші облыстың тумасын анықтап, қолға түсірді. Ол танымал жарнамалық платформалар арқылы бүкіл Қазақстан бойынша ойдан шығарылған пәтерлерді арзан бағада жалға ұсынған. Қазіргі уақытта жәбірленушілерді анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді өңірлік Полиция департаменті криминалдық полиция бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Танжанов.

Полиция қолға алған іс-шараларға қарамастан облыс тұрғындары интернет-алаяқтықтың құрбаны болып жатыр. Бүгінгі таңда өңірде 1009 алаяқтық фактісі тіркелген, оның 795-і ақпараттық технологиялардың көмегімен жасалған.

Оқи отырыңыз: Көпірден өзенге сүңгіп кеткен ер адамның денесі табылды

Новости партнеров